Мемлекет басшысы Якоб Штаусхольмді қабылдады
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Rio Tinto компаниясының бас атқарушы директоры Якоб Штаусхольмді қабылдады.
Кездесу барысында геологиялық барлау, тау-кен және металлургия өнеркәсібінде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жайы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның еліміздегі қызметінің аясын кеңейту жоспары баяндалды. Якоб Штаусхольм,,, Президентке Қостанай және Қарағанды облыстарындағы мыс кен орындарына геологиялық барлау жүргізу бойынша да мәлімет берді. Мемлекет басшысы жоғары технологияларды дамыту үшін бүгінде сұранысқа ие маңызды минералдар мен шикізаттың елімізде мол қоры бар екенін атап өтті. Жалпы Rio Tinto,,, темір рудасын, алюминий, мыс, боксит, алмаз, уран және өнеркәсіпке қажетті басқа да минералдар өндірумен айналысады.