Сарапшы: Халық саясатқа араласады
45 аудан мен облыстық маңызы бар қалада пилоттық режимде әкімдер халықтың тікелей дауыс беруі арқылы сайланады.
Бұл үдерістің артықшылығы - тұрғындар жергілікті деңгейде саясатқа араласады. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары осылай дейді. Олар 5-ші қарашада өтетін саяси науқанға азаматтардың қызығушылығы артып отырғанын атап өтті.
Қуаныш Сайлау, ҚСЗИ электоралды үдерістерді зерттеу бөлімінің аға сарапшысы:
- Тікелей сайлау жанама сайлаудан айырмашылығы әкімнің кімге жауап беретіні. Бұрын ол өзінің агитациялық кампаниясын тек қана сол мәслихат депутаттарына өткізсе, осы жолы ол баршылық сайлаушылардың көңілін өзіне аударып, қолдау жинап, дауыс беруге шақыртуы керек. Яғни ол ертең осы лауазымға ие болса, ол ең бірінші осы кісілердің алдына қойған бағдарламасын, ұсынған ұсынстарын жауапкершілігі халыққа болады.