Ерлан Қошанов Оңтүстік Кореяда екіжақты кездесулер өткізді
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарымен барып, екіжақты кездесулер өткізді.
Қазақстан делегациясының қызметі Корея Премьер-министрі Хан Док Сумен жүздесуден басталды. Әңгіме барысында Ерлан Қошанов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылы Кореяға мемлекеттік сапары екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікке жол ашқанын атап өтті. Бүгінде Корея Қазақстан экономикасындағы ең ірі алты инвестордың бірі. Сонымен қатар біздің елдің делегациясы «Samsung Electronics» компаниясында және Сеул ұлттық ғылыми-техникалық университетінде болды. Бұл оқу орнының филиалын жақын арада Қызылордадағы Қорқыт ата университетінде ашу жоспарланып отыр.