Қ. Тоқаев аймақтық хаб құруды ұсынды
Геосаяси қақтығыстарға байланысты шиеленісе түскен қазіргі жаһандық сын-қатерлер біздің ұжымдық күш-жігерімізге нұқсан келтіріп отыр.
Бұл кедергілерді еңсеруге жекелеген мемлекеттің шамасы жетпейді. Мемлекет басшысы осылай деді. Президент Біріккен ұлттар ұйымының орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Президенті Каталин Новакпен бірге ұйымның Көшбасшылар диалогының бірінші сессиясында төрағалық етті. Президенттің айтуынша, Қазақстан үшін Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу – ұлттық басымдық. Осыдан соң мемлекет басшысы Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Аймақтық хаб құруды ұсынды.