БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы
Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының сессиясы әлем назарын аударды.
Өйткені әр елдің көшбасылары келелі мәселелерді талқылап, өз ойларын ортаға салды. Ұйымның орнықты даму мақсаттарына арналған сессияға Қазақстан президенті тең төрғалық етті.
Шон Майкл Ирландиядан келген журналист. БҰҰ сессиясынан хабар тарату үшін бірер күн бұрын Нью-Йорка келген. Ол биылғы шараға келген мемлекет басшылары азық-түлік тапшылығына байланысты тиімді ұсыныстар айтады деп үміттенеді. Өйткені соңғы жылдардағы қақтығыстар, геоссаяси жағдайдың күрделенуі астық тасымалын қиындатты.
Шон Майкл, Ирландия телеарнасының журналисі:
- Бұл БҰҰ Бас Ассамблеясының ең үлкен іс шараларының бірі. Әлемде көптеген қиыншылықтар, мәселелер болып жатыр. Осы жерге мемлекет басшылары оларға белгілі бір шешім табуға келіп отыр деп ойлаймын. Әрине әлемдегі ең биік мәселе ол Ресей мен Украинаға қатысты. Бұл тек Украинаға емес, басқа де елдерге өз әсерін тигізуде. Бұл жағдайлар әлемдегі ашаршылықты одан әрі ушықтырды.
Нұрбек Бекен, тілші:
- Жалпы 2015 жылы БҰҰ-на мүше елдер тұрақты даму мақсаттарын белгіледі. 17 міндет қамтылған жұмыс 2030 жылға қарай әлемді өзгертуі керек, соның ішінде кедейлік пен аштықты толығымен жою көзделген еді. Алайда БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш бұл мақсаттарға қол жеткізу тым қиындап кеткенін, жоспардың шамамен 15% ғана орындалғанын айтты. Тіпті кейбір жағдайда көрсеткіштер кері кетіп барады.
Антониу Гуттериш, БҰҰ Бас хатшысы:
- Бұл мақсаттар – адамдардың арманы, құқықтары мен үміттері, сондай-ақ қоршаған ортамыздың денсаулығы. Бұл бағыт тарихи қателіктерді түзетуге, жаһандық келіспеушіліктерді жоюға және біздің әлемді тұрақты бейбітшілікке апаратын жолға арналған. Бірақ қаржы бөлу және осы мақсаттарға назар аудару бірнеше рет бұзылды. Соның ішінде COVID-19 пандемиясы, Украинадағы соғыс және басқа да шиеленістер, климаттық апаттардың күшеюі және өмір сүру құнының күрт қымбаттауы әсер етуде.
Бүгін Нью-Йоркете таңнан бері ақ жауын. Бас штаб пәтерге хабар таратуға жер жиһаннан хабар таратуға жиналған журналистердің түсірілім жасауына біраз кедергі келтірді. Бірақ қол шатыр немесе жаңбырлық киіп барынша оқиға орынынан хабар таратты. Ертең БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы дебаты басталады. Содан кейін С5+1, яғни Орталық Азия мен АҚШ саммиті жоспарланған. Оған аймақтағы бес мемлекеттің президенті мен АҚШ басшысы Джо Байден қатысады.
Нұрбек Бекен, тілші:
- Сессияға келген түрлі деңгейдегі саясаткерлер өзара ресми және бейресми кездесулер өткізеді. Кейде осындай басқосуда үлкен келісімдерге келеді. Әлбетте әлем көшбасшылары адамзат баласы үшін аса маңызды мәселені көтеріп, өздерін алаңдататын сұрақтарды ортаға салады. Регламент бойынша баяндама жасауға 15 минут беріледі.
Авторы: Нұрбек Бекен