Amazon Web Services корпорациясымен серіктестік бекіді

Ақорда

Еліміздің Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Amazon Web Services арасында Outpost «бұлтты» технология шешімін сатып алу және оны QazTech платформасымен интеграциялау жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойылды.

Бұл жаһандық алпауыт елдердің дата-орталықтарын Қазақстанда орналастыруға және еліміздің өңірлік IT-хаб ретіндегі әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді. Тиісті келісім Қасым-Жомарт Тоқаев пен Amazon корпорациясының вице-президенті Сьюзан Пойнтердің кездесуі аясында бекіді. Сьюзан Пойнтер компанияның Қазақстанмен арадағы ықпалдастықты нығайтуға және келешекте бүкіл Орталық Азия аймағын қамтуға ниетті екенін жеткізді.