Мемлекеттік кеңесші академиялық көп томдықты дайындау бойынша кезекті кеңес өткізді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин "Ежелгі кезеңнен қазіргі уақытқа дейінгі Қазақстан тарихы" академиялық көп томдық басылымын дайындау мәселесі бойынша кезекті кеңес өткізді.

Бұл тақырып Президенттің "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласында көтерілгені белгілі. Отырыс барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен жаңа академиялық басылым томдарының жетекшілері Мемлекеттік кеңесшіге Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың II отырысында қойған міндеттерінің орындалуы туралы баяндады. Ерлан Қарин Қазақстан тарихының жаңа академиялық көп-томдық басылымын дайындау жұмысының алдағы бағыттарын айқындап берді.