Шетел сарапшылары Жолдауды талқылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын елдің экономикалық әл-ауқатын көтеруді көздеген жобаларға басымдық беріп келеді.
Биылғы жарияланған жаңа реформалардың да бағыты айқын. Жолдауды оқыған шетелдік сарапшылар осылай дейді.
Қазақстан жаһандық дағдарысқа төтеп беріп, жаңа дәуірге қадам басты. Бұл тұрақты экономиканың жетістігі. Мұндай пікірді стратегиялық Сербия зерттеулер орталығының басшысы Душан Пророкович білдірді. Оның сөзінше, «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты жолдаудағы жаңа стратегиялар халықтың хәл ауқатын жақсартуға жаңа серпін бермек.
Cтратегияны іске асырудағы негізгі мақсат – елді қайта индустрияландыру және әртараптандыру. Бұл 2029 жылға қарай ұлттық экономика көлемін екі есеге арттырып, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Демек Қазақстанның Орталық Азия нарығында көш бастауға мүмкіндігі мол.
Душан Пророкович, Сербия Стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы
АЭС төңірегіндегі әр пікір ескерілді
Сондай-ақ Қазақстанда Атом электр станциясын салу мәселесі көп жылдан бері жоғары деңгейде халықаралық және қоғамдық талқылаудың бірнеше кезеңінен өтіп келеді. Бұған қатысты Францияның Ядролық энергетика орталығының атқарушы директоры Карен Дайфуку Қазақстанға атом энергетикасының не үшін қажет екенін тағы да бір пысықтап берді.
Қазақстан уранға бай ел. Бұл ядролық отын өндірудің негізгі шикізаты. Сондай-ақ Қазақстан халықаралық озық тәжірибелерді пайдаланып, электр энергиясын өндіру ісін дамыта алады. Ал бұл ретте Франция әріптес болуға дайын.
Карен Дайфуку, Ядролық энергетика орталығының атқарушы директоры /Франция/:
- Сарапшылардың пікірінше, елімізді қуатты елге жетелеудегі Президенттің келелі жоспарлары өзге мемлекеттерге де үлгі болмақ.
Фариза Жанғанаева