Б. Нұрғалиев: Президент мақаласының маңызы бар
Қазақстан – ядролық қарусыз әлем қозғалысына белсенді қатысушылардың бірі.
Сондықтан мемлекет халықаралық қауымдастық мүшелерін осы бастаманы қолдауға шақыруға құқы бар. Сыртқы саяси зерттеулер институтының басқарма төрағасы осылай деді. Болат Нұрғалиевтің айтуынша, Мемлекет басшысының америкалық «The Hill» газетінде жарық көрген мақаласы қоғамдағы сын-қатерлерге назар аударуға бағыттайды. Себебі биологиялық қауіпсіздік – жаһандық мәселе. Президент оған айырықша мән береді.
Болат Нұрғалиев, Сыртқы саяси зерттеулер институтының басқарма төрағасы:
- Қазіргі жағдай өте қауіпті. Сонда ядролық қаруды жою – өте өзекті мәселе. Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің арасында бірауыздығы жетпей жатқаны бәрімізге анық. Сол себептен Мемлекет басшысы мына мақалада да, кеше жеткізген сөзінде де сызып тастады.