Президент пікірі шетелдік БАҚ беттерінде талқыланды
Шетелдік басылымдар да қазақ көшбасшысының сөзін жарыса жазып жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ мінберінен жасаған баяндамасы жаһандық ақпарат құралдарының назарынан тыс қалмады. Солардың бірсыпырасына әріптесім шолу жасайды.
Президент Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 78-сессиясындағы жалпы дебатта сөз сөйлеп, әлемдегі геосаяси қақтығыстар жөнінде бірқатар мәселеге тоқталды. Соның бірі америкалық «The Hour» басылымында жарияланды.
«Қазіргі қалыптасқан теріс тенденциялар адамның қайғы-қасіретін күшейте түсті. Әлемде 108 миллион халық еркінен тыс босқынға айналды, 1 миллиардтан астамы кедейлікте өмір сүрсе, 2 миллиарды қажет дәрі-дәрмекке қол жеткізе алмай отыр. Ақыр соңында адамзаттың болашаққа күмәнмен қарауы ықтимал. Сондықтан Қазақстан БҰҰ жарғысының қағидаттарына адал екенін тағы бір мәрте мәлімдейді».
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті.
Нью-Йорктегі сапарында Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті. Бұл туралы «Nova News» порталында шыққан «Астана – көпжылдықтың тірегі» атты мақалада айтылады. Онда екі тарап та бейбіт келісімдер жүргізуде жеткен жетістіктерімен бөлісіп, ортақ пікірлерін ортаға салды.
Кездесу барысында Гутерриш тұрақты даму арқылы мақсаттарға жету және адам құқықтарын қамтамасыз ету жолындағы берік ынтамақтастықты жалғастырып келе жатқан Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы серіктестікке қолдау білдірді. Ол өз сөзінде Қазақстанды егемендіктің туын берік ұстаған мемлекет деп, ерекше атап өтті.
Сондай-ақ, Президент елімізде жаңа кен орындарын ашып, тау-кен өндірісін дамытуда әлемдік озық тәжірибені енгізу үшін шаралар қабылдап жатыр. Рио Тинтоның бас директоры Якоб Штаусхолммен кездесу – соның бір дәлелі. Бұл туралы өзбекстандық БАҚ беттерінде жазылды. Онда Қазақстан Президенті мен Рио Тинто басшысының жүздесуі Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінің жаңа тарауын білдіреді деп жазады.
Айта кетейік, Рио Тинто – нарықтағы құны 99 миллиард долларды құрайтын тау-кен және металлургия саласындағы ірі ағылшындық-австралиялық компания.
Президенттің мақаласы америкалық басылымға шықты
Америкалық беделді The Hill газеті «Біріккен Ұлттар Ұйымы біздің Жер шарымыздың келешегіне ықпал ететін, ұзақмерзімді шешімдерге баса назар аудару керек» айдармен көлемді мақала жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі халықаралық мәселелерді шешу үшін бірігіп әрекет етуге шақырды. Әсіресе Қазақстанның ядролық сынақтардан жапа шеккен ел ретінде жойқын қаруды қолдану қаупіне қатысты алаңдаушылығын білдірді. Ядролық қарусыздану мақсатында, батыл шешімдер қабылдауға үндеді, - делінген мақалада.
Авторы: Фариза Жанғанаева.