Сарапшы: Жолдау дамуға жетелейді
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған жаңа экономикалық модель мемлекетіміздің дамуына тың серпін береді".
Бұл туралы Саяси зерттеулер орталығының директоры Айдар Әміребаев мәлімдеді. Ол жаңа министрліктерді құру туралы шешімді оңды өзгерістердің бастамасы деп бағалайды. Сарапшы әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдете беру керек деп есептейді.
Айдар Әміребаев, саяси зерттеулер орталығының директоры:
- Тиісті министрліктер нақты бір салаға жауапкершілігі молаяды деп ойлаймын. Оған барлық мүмкіндіктепрі, жағдайы бар. Тағы бірнеше жаңа министрлік құрылды. Оның ішінде Қазақстанға және бүкіл аймаққа керекті су мәселесіне қатысты министрлік. Бұл өте дұрыс қадам.