Мемлекет басшысы З. Сүлейменованы қабылдады
Президент бүгін тағайындалған халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкіл Зүлфия Сүлейменованы қабылдады.
Кездесуде Мемлекет басшысы Арнаулы өкілге биыл қараша айына жоспарланған Климаттың өзгеруi жөнiндегi Біріккен ұлттар ұйымының негiзгi конвенциясына қатысушы тараптардың 28-ші конференциясына және 2026-шы жылы ұйым аясында өтетін аймақтық климаттық саммитке дайындық жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Сондай-ақ, шетелдік серіктестермен арадағы ықпалдастықты, соның ішінде экономиканы декарбонизациялау және ауаға таралатын метан мөлшерін азайту бағыттары бойынша ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтті.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Арнаулы өкілге алдағы шараларға, атап айтқанда биыл қараша айына жоспарланған Климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ негiзгi Конвенциясына қатысушы тараптардың 28-конференциясына және 2026 жылы БҰҰ аясында өтетін Аймақтық климаттық саммитке дайындық жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.