Президент Германияға ресми сапармен барады
Мемлекет басшысы 28-29 қыркүйек күндері Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Федералды Канцлер Олаф Шольцпен және неміс Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізеді. Сонымен қатар Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланған. Сапар аясында Мемлекет басшысы халықаралық Берлин «Глобал Дайлаг» форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.