Сыртқы істер министрі Нью-Йоркте бірнеше маңызды кездесу өткізді
БҰҰ Бас Ассамблиясының 78-ші сессиясының апталығы әлі жалғасып жатыр.
Соның аясында Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бірнеше маңызды кездесу өткізді.
Нұрбек Бекен, тілші:
- Сессия аясында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кездесті. Мұрат Нұртілеу әріптестеріне ұйым қызметінің әртүрлі аспектілері бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді әрі құрылымды одан әрі дамыту жайын қозғады.
Ал Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесуде өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады. Орталық Азия өңірінде су ресурстарын пайдалану, қоршаған орта және климаттың өзгеруі де назардан тыс қалмады.
Нью-Йорктегі БҰҰ Бас штаб пәтерінде Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Қазақстан ұйым төрағасы ретінде тараптардың бірлескен күш-жігерін Шанхай ұйымының қызметін жетілдіруге бағыттауға дайын екенін білдірді. Қазіргі жағдайда бізге замануаи қауіп-қатерлерге тиімді жауап бере алатын мобильді ұйым қажет, - деді министр.
Нұрбек Бекен, тілші:
- Қазақстан Жапониямен арадағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейте түседі. Жапонияның Сыртқы істер министрі Йоко Камикавамен болған кездесудегі незігі тақырып жасыл энергетика, көлік және логистикадағы ынтымақтастықты әртараптандыруға арналды.
Жапония – біздің елдегі үлкен шетелдік инвесторлардың бірі. Осы кезге дейін 8 млрд доллардай қаржы құйған. Ал екіжақты тауар айналымы 2022 жылы 71%-ке артып, 2 млрд долларға жуықтады.
Авторы: Нұрбек Бекен.