Президент Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент Қазақстан халқының және жеке өз атынан корольдктің Ұлттық күнімен құттықтады. Сондай-ақ, мемлекетіміздің Шығанақтағы сенімді серіктесі екенін атап өтіп, екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен жоғары деңгейдегі саяси диалогқа негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.