Қазақ-Беларусь ынтымақтастығы артып келеді

Қазақ-Беларусь ынтымақтастығы артып келеді

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Беларусь премьер-министрі Роман Головченкомен кездесті.

Қос тарап сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Беларусь - Қазақстан үшін маңызды сауда-экономикалық серіктес. Былтыр екіжақты тауар айналымы 23%-ға өсіп, 1 млрд доллардан асты. Кездесуде Әлихан Смайылов қазақ тарапы бірлескен жобаларды іске асыру мен қолданыстағы өндіріс орындарының қуатын кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Сауда-экономикалық бағыттағы бірлескен іс-қимылдың қарқынын ұстап тұру әрі оны одан ары дамыту үшін біздің тарап жеткізілетін тауар мен қызмет түрлерін кеңейтуді көздейді. Мәселен, бұған дейін Қазақстанда жасалған жалпы құны 270 млн доллар болатын  150 тауардЫ беларусь нарығына жөнелту бойынша нақты шаралар атқарылды.  Бұл бағытта беларустық әріптестермен белсенді жұмыс істеуге дайынбыз.