Қазақстан мен Кипр өзара құқықтық көмек алмаспақ

Мәжіліс Қазақстан мен Кипр арасындағы қылмыстық істер бойынша шартты ратификациялау туралы заң жобасын да мақұлдады.

Құжат екі елдің құзыретті органдарына құқықтық көмек алу және көрсету мәселелері жөнінде өзара қатынасты реттеуге бағытталған. Бастысы, ондағы талаптар ұлттық заңнамаға қайшы келмейді. Шарт еліміздің Бас прокуратурасына бағытталған қазына  қаражаты есебінен жүзеге асырылады.