Сарапшы: Әкімдер сайлауы халықтың саяси мәдениетін арттырады
Алда өтетін аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы, халықтың саяси мәдениетін арттырып, азаматтық қоғам дамуына ықпал етеді.
Мұндай пікірді, әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы алға тартты. Арман Токту-шаковтың айтуынша, жергілікті басқару деңгейінде қабылданған шешімдерге жұртшылықтың белсене қатысуы маңызды. Саяси науқан 5-ші қарашада, облыстық маңызы бар 3 қала мен 42 ауданда өтеді.
Арман Тоқтұшақов, әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:
- Сайлауға қатысып жатқан кандидат үшін бұл науқанның маңызы қандай дегенге келсек, әуелі олар үлкен саяси тәжірибе жинақтайды. Үміткерлер өзара бәсекеге түсіп, саяси алаңдағы қарым-қабілеттерін шыңдайды. Бұл өте маңызды.