Жолдау-2023: шетелдік сарапшы пікірі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы елдің халықаралық қауымдастықтағы орнын да айқындайды.
Италия парламенті сенатының депутаты Франческо Сильвестро Президент Жолдауына қатысты осындай пікір білдірді.
Франческо Сильвестро, Италия парламенті сенатының депутаты:
- Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы сөздері оның тұрақтылық пен әлеуметтік-экономикалық дамуға ұмтылатынын білдіреді. Оның инклюзивті Қазақстанға қатысты көзқарасын байқауға болады. Италия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайтуымыз керек. Бұл екі елдің де өркендеуіне септеседі.