ЖСДП мүшелері жер мәселесін талқыға салды
Жердің иесі – халық. Сондықтан оның кедергісіз пайдалануы тұрғысында тағы бір заң қабылдануы керек.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы осылай дейді. Жиында мәселенің дұрыс шешілуі бойынша партия мүшелері өз ойын білдірді. Ал сарапшылар бұл ретте халқаралық тәжірибені қолданысқа енгізу керектігін алға тартты.
Талғат Омаров, ЖСДП Астана қалалық филиалының төрағасы:
- Аляскада, мысалы, сонда Конституция жазылған. Егер бір байлықты мемлекет беретін болса, оны халыққа жария ету керек. Сәйкесінше бізде де сондай болу керек. Қол қойылып жатқан келісімшарт ашық түрде болу керек. Кімде қандай міндеттер бар, кімде қандай құқық бар – халық білуі керек.