Жамбыл облысында аудан әкімдерінің сайлауына қызу дайындық жүріп жатыр
Жамбыл облысында Жуалы және Тұрар Рысқұлов аудандарының әкімі сайланады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жергілікті мәслихаттың кезектен тыс сессиясында шешім қабылданды. Депутаттардың таңдауына аталған аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуы себеп болған.
Алдын-ала мәлімет бойынша, маңызды науқанға 70 мыңға жуық сайлаушы қатысады. Тізім әлі нақтыланып жатыр. Қазір 82 сайлау учаскесі дайындалды. Аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары мен хатшылары Астанада арнайы оқудан өтіп, тиісті сертификат алды. Аудан әкімі лауазымына еліміздің 25 жастан асқан, жоғары білімі бар азаматы үміткер бола алады. Сайлауға сол аудандардың қазіргі басшылары да қатысуға құқылы. Олар 4 жылға сайланады.
Серғали Айдапкелов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Жалпы қаржы көзі толығымен шешілген. Сондықтан да барлық учаскелік сайлау комиссияларында қазіргі телефон байланысы бар, интернет желісі бар, содан кейін санитарлық шаралар, байланыс жұмыстары атқарылып жатыр. Оның бәрі уақытында шешімін табады. Жалпы Жамбыл облысында 2 аудан бүгінгі күні сайлау өткізуге дайын деп айта аламыз.