Шетелдік сарапшы Қ.Тоқаевтың Германияға сапары туралы пікір білдірді

"Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары екі жақты ынтымақтастыққа жаңа серпін береді".

Неміс сарапшылары осылай деп отыр. Германия үшін Қазақстан Орталық Азиядағы негізгі серіктес саналады. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 90 пайызға артып, 9 миллиард 700 миллион еуроға жеткен болатын.  

Нико Варбанофф, Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі тең төрағасы:

"Бұл іс-сапар неміс экономикасы үшін де, жалпы екіжақты серіктестік үшін де маңызды. Арадағы ынтымақтастық нығайып келеді. Жазда федералдық президент экономикалық делегациямен  Қазақстанға барып қайтқан. Енді, міне, Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға келіп жатыр. Бұл іс-сапар екіжақты серіктестікке жаңа серпін беруге тиіс. Экономикалық байланыстарды, соның ішінде логистика мен көлік саласындағы қарым-қатынасты күшейте беруіміз керек. Бұл туралы Президент өз жолдауында ДА айтқан болатын."