Депутат: Елімізде медициналық көмек көлемі сапасыз жоспарланған

Медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемі жеткіліксіз.

Оның үстіне медициналық ұйымдарды кредиторлық берешек қинап тұр. Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында осы мәселе сөз болды. Депутаттар медициналық қызмет көлемі сапасыз жоспарланып отырғанын айтады. Бірқатар медициналық қызметтерге сызықтық шкаланы қолдану да негізсіз. Сондай-ақ депутаттар ақпараттық жүйелерді басқарудағы кемшілікке тоқталды. Олардың арасындағы интеграцияның болмауынан халық медициналық қызмет кезегінде ұзақ тұруға мәжбүр.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Халықпен өңірлерде кездесуде ең бірінші қойылатын сұрақтары осы медицина саласындағы көңілінің көншітпейтіндігі. Яғни азаматтарымыз көп жағдайда сапалы медициналық көмекті дер кезінде қабылдауға әлі де қолжетімділік мәселесінде сұрақтар көтерілуде. Егер ота жасайтын болса, сол шалғайдағы ауылдағы болсын, өңірлерде болсын Астанаға квота іздеп, сондай жолдарын қарастырады. Бұл нені көрсетеді? Жергілікті жерде бізде сапалы медициналық көмекке әлі де қолжетімділік аз.