Қазақстанда демократиялық құндылықтарды дамыту мәселесі талқыланды
Қазақстан осы уақытқа дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары бойынша 200-ден астам ұсынысын қолдаған.
Бұл туралы еліміздегі демократиялық құндылықтарды дамыту мәселесі талқыланған жиында айтылды. Отырыста сөз бостандығы, соттың әділдігі және ақпараттың қолжетімділігі туралы сөз болды. Сондай-ақ, қатысушылар діни бірлестіктер жайлы заңнамаға қатысты пікірін білдірді.
Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:
- Кезекті кездесуіміз Матильда Богнер ханыммен. Бұл өте маңызды Қазақстан үшін. Кеше ғана өткізген семинар, адам құқықтарын қорғау бойынша периодикалық зерттеу мәселелерін қарастыру және де оның нәтижелерін орындау туралы нәтижелерін тындау мәселелері қарастырылды.
Матильда Богнер, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азиядағы аймақтық өкілі:
- Қазақстан жүйелі диалогқа ашық. БҰҰ-ға ұсынымдардың орындалуы туралы аралық ақпаратты үнемі жіберіп отырады. Байқағанымыздай, ұсынымдарды орындау бойынша жұмыс жемісті жалғасуда және Қазақстан келесі шолуға белсенді дайындалып жатқанына көз жеткіздік.