Мемлекеттік сыйлықтарды беру жөніндегі комиссия отырысы өтті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік сыйлықтарды беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Бұл әл-Фараби және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ғылым мен техника, сондай-ақ гуманитарлық ғылымдар саласында биыл берілетін наградалар. Мемлекеттік сыйлықтарды алуға барлығы 13 туынды ұсынылды. Алдын ала іріктеуден кейін екінші кезеңге 8 туынды өткен. Оны қарау және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындыларын тыңдау нәтижесі бойынша комиссия тиісті ұсынымдар әзірледі. Сыйлықтар ғылым мен техника саласы қайраткерлерінің еңбегін жоғары деңгейде тануға, білім саласында жаңа бағытты ашқан ғылыми жаңалықтарға, монографиялар мен ғылыми жұмыстарға, техниканың, материалдар мен технологиялардың жаңа түрлерін өндіруді әзірлеп, ұйымдастыруға және ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметке, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етуге беріледі.