Сенат төрағасы Абай облысына барды
Абай облысының 2027 жылға дейінгі дамуы Сенаторлардың назарында.
Жоғары палата төрағасы Мәулен Әшімбаев өңірге жасаған жұмыс сапары аясында белсенді жастармен кездесті. Сондай-ақ облыс орталығын абаттандыру жоспарымен танысты. Жергілікті коммуналдық кәсіпорындардың қызметін бақылады. Сенат спикері инфрақұрылымға, әлеуметтік нысандарға, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға, шенділердің қызметі мен Сенаторлардың мәслихат депутаттарымен тығыз жұмыс істеуіне мониторинг жүргізу қажеттігін айтты.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес Парламент алдағы уақытта бірқатар заң қабылдауы қажет. Олардың қатарында жаңа Салық, Бюджет, Қала құрылысы, Су кодекстері бар. Жалпы жыл басынан бері азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға арналған көптеген заң қабылданды. Бұл ретте Әлеуметтік кодексті ерекше атап өтуге болады. Сол арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған жаңа әлеуметтік тетіктер анықталды. Бүгінде Президентіміз бекіткен ұлттық жобалар іске асырылып жатыр. Олар – өңірлерге тікелей қатысы бар құжаттар. Осы ретте заңдар мен ұлттық жобалардың орындалу барысын Парламент және мәслихаттар депутаттары тарапынан жүйелі бақылауды жолға қою аса маңызды деп есептейміз.