Саясаттанушы: Астана – Мәскеудің сенімді серіктесі

Ресми Астана – Мәскеудің сенімді серіктесі.

Бұдан былай да солай болып қала береді. Қазақстан Президентінің бұл ұстанымы екі елдің прагматикалық мүдделерінен туындайды. Қазақстандық саясаттанушы Әділ Сейфуллин осылай дейді. Оның пікірінше, Мемлекет басшысы Ресейді сенімді серіктес, әрі дос ел ретінде бағалайды.

Әділ Сейфуллин, саясаттанушы:

- Интернетте Президенттің Германияда Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасына байланысты айтқан пікірін бұрмалап, басқа мағынада беруге тырысып жатқан әрекеттер байқалады. Осыған қатысты саясаттанушы ретінде пікірімді білдіруді жөн санадым. Жалпы Қазақстан саяси және дипломатиялық қарым-қатынасқа өте мұқият қарайды. Әрқашан ұлттық мүддеге сүйене отырып, шешім қабылдайды және ел мен халықаралық қоғамдастық алдында берген уәдесінде тұрады.