ҚР ОСК төрағасы сайлаушылармен кездесті

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданы жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол осы елді мекенде 5 қарашада өтетін саяси науқанның дайындығын тексеріп, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді. Пилоттық жоба аясында халық Ақтоғай мен Осакаров ауданы және Приозерск қаласының әкімін сайлайды. Бұл – Президент Жолдауын жүзеге асыру мақсатында жасалып отырған қадам.

Нұрлан Әбдіров, ҚР ОСК төрағасы:

- Барлық қажетті шаралар тиісті деңгейде қабылданып жатыр. Сайлаушылардың хабардар болуы және ертеңгі күні, 5 қарашада барған кезде дауыс берер барлық тиісті шаралар қолданып жатыр. Сайлау учаскесіне де барып, жұмыстармен таныстым. Осы аудандық аумақтық комиссиясына барып жағдайларымен таныстым.