CNPC компаниясымен ынтымақтастық талқыланды
Мемлекет басшысы CNPC компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянды қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстан мен компанияның мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Дай Хоулянға көмірсутегі кен орындарын барлау және өндіру жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығын айтып, Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыру жөніндегі жобаның еліміз үшін мәні зор екенін атап өтті. Сонымен қатар кездесуде Қытайға газ экспорттау, Бейнеу – Бозой – Шымкент жаңа газ құбырының желісін салу, сондай-ақ Қазақстан мұнайының Қытайға экспорт көлемін ұлғайту мәселелері қарастырылды.