Жамбыл облысында аудан әкімі сайлауына сегіз кандидат тіркелді

Жамбыл облысында екі ауданның әкімін халық сайлайды.

Әзірге  сайлауға 8 үміткер ұсынылып, құжат тапсырды. Оның төртеуі партия атынан қатысса, төртеуі өзін-өзі ұсынды. Барлығының білімі жоғары, еңбек өтілі жеткілікті.  Олар кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы саласы  мен мемлекетік қызметте жұмыс істеп жүргендер. Аудан әкімдерін сайлау Тұрар Рысқұлов пен Жуалы аудандарында өтеді. Қос ауданда саяси науқанды өткізуге 82 сайлау учаскесі дайындалды.

Серғали Айдапкелов,  облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Облыстық сайлау комиссиясы аудандағы сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарларын, хатшыларын осы аудан әкімдерінің сайлауын дайындап өткізу тұралы семинар-кеңес өткізілді. Олар тест тапсырды. Білімдері нақтыланды. Олар мысалы бүшгі күнге ауданда сайлауды өткізуге дайын.