ҚХП өкілдері Алатау бөктеріндегі заңсыз құрылыс мәселесі бойынша халықпен кездесті

Қазақстан халық партиясының өкілдері Алматының Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесті.

Ерменсай шағын ауданында көп жылдан бері заңсыз және нүктелік құрылыс мәселесі шешім таппай келеді. Тұрғындар тау бөктеріне ауқымды құрылыс салуға, көп қабатты үйлер тұрғызуға қарсы. Дегенмен, мәселе шешілетін емес,-дейді. Шағын ауданның белсенділері көршілес салынып жатқан коттедждер мен таунхаустардың заңсыз екенін дәлелдеп, құзырлы органдардың көмегімен сотқа жүгінген. Сот рұқсаты жоқ 36 үйді бұзу туралы шешім шығарған. Бірақ құрылыс компаниясы сотқа аппеляциялық шағым түсіріпті. Ал жұмыс үзіліссіз жүріп жатыр. Жағдаймен жіті танысқан Қазақстан халық партиясының өкілдері заңсыз құрылысты тоқтату үшін ат салысатын болды.

Бейбіт Құсайынов, ҚХП Алматы қаласы бойынша филиалы басшысының бірінші орынасары:

-Бір ай бұрын комиссия ретінде шықтық бұл жерге, қарадық. Партиямыздың атынан шыққан үш депутат бар, Алматы қаласы бойынша мәслихат депутаттары. Енді сол депутаттар сауал ГАСК-ке, Урбанистика басқармасына сауал жіберді. Солардың жауабын күтіп отырмыз.