Қазақстан мен Қытай арасындағы ақпарат алмасу жеңілдейді
Қазақстан мен Қытай арасындағы ақпарат алмасу процедурасы жеңілдейді.
Сенат қос елдің Үкіметтері арасындағы келісімді мақұлдады. Аталған құжат қос азаматтыққа қарсы күресті күшейтіп, заңсыз көші-қон арналарының жолын кеседі деп күтілуде. Азаматтық туралы мәліметтер, тек сұрау салу-лар бойынша, және тек дипломатиялық арналар арқылы беріледі. Сондай-ақ, келісімде егемендікке, қауіпсіздікке қауіп төнген және заңнамаға қайшы келген жағдайда, сұрау салусыз-ақ ақпарат алу көзделген. Айта кетейік, қазіргі таңда Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерімен осындай екіжақты келісімдер бар.
Әлібек Бақаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:
- Бұл келісімшарт тек қана ақпарат алмасу мәселесіне арналған. Бірінші мәселе визасыз келген, кірген-шыққан азаматтар бойынша. Екінші мәселе – виза режимін бұзған ақпаратты алмасу. Үшінші мәселе, бұл виза алып, кірген-шыққан азаматтар туралы ақпарат. Және төртінші бағыт бойынша екі азаматтығы бар азаматтар туралы ақпарат алмасу.