Сенатта «Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім» мақұлданды
Қазақстандық бизнес өкілдері үшін жаңа қаржыландыру көзі ашылмақ.
Бүгін Сенатта «Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім» мақұлданды. Бұл заң, түркі әлемінің экономикалық интеграциясының алғашқы бірлескен қаржы ұйымын, яғни арнайы инвестициялық Қорын құру үшін әзірленген. Ол Түркі тілдес мемлекеттерде инфрақұрылымдық, өнеркәсіптік, шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыратын болады. Қорға мүше 5 мемлекет,, қаржы ұйымына 70 миллион АҚШ долларынан бөледі. Жүзеге асатын жаңа жобалар туризм, ауыл шаруашылығы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салаларында пайда болады. Осылайша Қазақстан,, халықаралық ұйымдармен экономикалық қарым-қатынасын нығайтуға мүмкіндік алады. Енді құжат Президенттің қол қоюына жіберіледі.
Ләззат Рысбекова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Қордың жалпы жарғылық капиталы 500 миллион АҚШ доллары болып белгіленді. Ол, әрқайсысының номиналды құны 50 мың доллардан тұратын 10 мың акцияға бөлінеді. Қорды құру туралы шарт күшiне енгеннен кейiн қордың мүшелері жарғылық капиталындағы үлестерге теңдей жазылады. Осылайша қор «тең инвестиция мен тең дауыс құқығы» принципіне сәйкес жұмыс істейтін болады.