Польшада ЕҚЫҰ адамзат өлшемдері бойынша конференция өтіп жатыр
Варшавада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының адамзат өлшемдері бойынша жылдық конференциясы өтіп жатыр.
Биылғы кеңестің тақырыбы сөз бостандығына, журналистердің қауіпсіздігіне, БАҚ құралдарының тәуелсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Ауқымды шараға Қазақстан делегациясы да қатысуда.
Сергей Коновалов, өзекті саясат институты ҚҚ директоры:
- Талқыланып жатқан барлық мәселе назардан тыс қалып жатқан жоқ. Кеше сөз сөйледім. Бүгін Евгений Жовтис те жақсы тақырыптарды көтерді. Ең бастысы біздің айтарымыз бар, бөлісетініміз көп.