ЭЫДҰ - да сыбайлас жемқорлықпен күрес талқыланды

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күресті бақылаудың жаңа кезеңіне кіріседі.

Парижде ұйым өкілдері мен қазақстандық делегация бас қосып, осы мәселені талқылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік басшысы Асхат Жұмағали баяндама жасап, қаржылық қылмыспен күрестің жаңа жүйесін таныстырды.

Драго Кош, ЭЫДҰ Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмысшы топтың төрағасы:

- Қазақстан соңғы жылдары сыбайлас-жемқорлықпен күресті дамыту бойынша көшбасшы елдің біріне айналды. Мемлекетте осы бағытта көп жоба қолға алынып, жүзеге асырылып жатыр. Бұл жерде олардың қандай нәтижеге әкелетіні маңызды екенін атап өту керек. Қолға алынған іс-шаралардың жемісі келер жылы көріне бастайды деп ойлаймын.    

Асхат Жұмағали, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- Кездесуде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымын еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жоспарымен таныстырдық. Қазақстан осы ұйымға кіруді көздеп отыр. Халықаралық құрылымға мүше болу мемлекетімізге азаматтық институттарды одан әрі нығайтып, жаңа инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.