«Орта Азия - Орталық» газ құбыры тұрақтылықты нығайтуда елеулі роль атқарады

Бұл жоба Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен энергетикалық қауіпсіздікті нығайту ісінде елеулі роль атқарады.

Мемлекет басшысы осылай деді. Магистральді құбыр жылына 255 миллиард текше метрге дейін газ тасымалдай алады. Оның 20 мың шақырымнан астам бөлігі Қазақстан аумағынан өтеді. Енді еліміз өзінің транзиттік әлеуетін толық пайдаланып, тасымалданатын Ресей газының көлемін одан әрі ұлғайтуға дайын. Шарада Қасым-Жомарт Тоқаев әріптестеріне алғыс білдіріп, «сала мамандарының бірлескен жұмысы кәсіби деңгейде әрі аса зор жауапкершілікпен атқарылды» деді.  Телекөпірде Қазақстан мен Өзбекстаннан тікелей қосылған жауаптылар құбырдың дайындығын тағы бір растады. Содан кейін үш елдің басшылары жобаны іске қосуға рұқсат берді.