СҚО-да үш ауданның әкімдері сайланады
Солтүстік Қазақстан облысында Есіл, Мамлют және Тимирезев аудандарының әкімдері сайланады.
Бүгінде оған дайындық жұмыстары қыза түсті. 5 қазанда кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды. Құжат тапсырғандардың жартысы саяси партиялардан, қалғаны өзін-өзі ұсынғандар. Үміткерлердің ең жасы 32, үлкені 61-де. Саяси дода өтетін елді мекендерде 36 мыңнан астам сайлаушы бар. Алдағы уақытта өңірде 84 сайлау учаскесі жасақталады.
Сағындық Рахымжан, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі:
- Үш сайлау округі бойынша 12 кандидат ұсынылды. Оның үшеуі «Amanat» партисынан, үшеуі Қазақстан халық партиясынан. Және алтауы өзін өзі ұсыну тәртібімен. Осылайша орта бәсекелестік бір орынға төрт адамды құрап отыр. Қазіргі таңда 11 кандидаттың сәйкестігі анықталды. Бір кандидат мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмейді.