Қ. Тоқаев еңбек адамдарымен жүздесті
Президент еңбек адамдарымен жүздесіп, Қызылорда облысының дамуына баса мән беретінін атап өтті.
Сондай-ақ күрделі геосаяси ахуал кезеңінде Қазақстанның өркендеуі жолында елімізді бірлік танытып, еңбек етуге шақырды. Өз кезегінде диқандар мемлекет тарапынан қолдау шараларын көбейткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты. Әсіресе Су ресурстары министрлігін құру жөніндегі жаңалықты Сыр бойының диқандары қуана қабылдағанын жеткізді. Президент: «Кәсіпкерлермен кездескенімде елді мекендерге қаржы салып, көмектесу керек деп үнемі айтып келемін"», - деді. Сондай-ақ Нағи Ілиясов ауылы басқа елді мекендерге де үлгі болуы қажет екенін айтты.