Израильден Қазақстанның 124 азаматы оралады

Бүгін 124 отандасымыз үйіне оралады.

166 адам мінген ұшақ Тель-Авивтен Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те ұшып шықты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бортта қазақстандықтардан бөлек 42 шетел азаматы бар. Ұшақ Алматы әуежайына қонады деп күтілуде. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуге Израильге барған 14 азамат елге оралды. Ал Дубайға ұшып кеткен екі студент жақын уақыттағы рейспен қайтады.