Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы болады
Бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының 21-ші отырысы болады.
Жиын Сенат төрағасы және Съезд Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өтеді. Отырыс аясында 7-ші Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қорытындысы бойынша пікір алмасу, сондай-ақ съездің 2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын талқылау жоспарланып отыр. Бейбітшілік және келісім сарайында ұйымдастырылатын отырысқа Мысыр, Әзербайжан, Пәкістан, Иран, Израиль, Қытай, Моңғолия, Жапония, Үндістан және тағы басқа елдерден түрлі дін өкілдері қатысады деп күтілеуде.