Президент съезд қатысушыларына құттықтау жолдады
Әлем халқын бейбітшілікке шақыратын, жаңа жаһандық қозғалыс қажет.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының ХХІ-ші отырысына қатысушыларға құттықтау жолдады. Президенттің лебізін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жеткізді. Биыл алғашқы съездің шақырылғанына - 20 жыл. Бұл игі бастама өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, аз уақыттың ішінде маңызды өркениет-аралық диалог алаңына айналды. Форум дінаралық татулық пен келісімді нығайтуға, бүкіл адамзатқа ортақ түйткілдердің шешімін табуға және толе-ранттылықты дәріптеуге септігін тигізіп келеді, делінген құттықтау хатта. Сонымен қатар, Президент қазір геосаяси ахуал ушығып, түрлі сын-қатерлер күшейіп тұрғанына назар аудартты. Сондай-ақ, халықаралық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыру өте маңызды мәселеге айнал-ғанын айтқан. Ол үшін әлем халқын бейбітшілікке шақыратын жаңа жаһандық қозғалыс қажет. Бұл ретте дін көшбасшылары айрықша рөл атқарады, деп сенім білдірді.