Ұлттық қордан балаларға бөлінетін қаражат туралы заң Мәжіліске қайтарылды
Сенат «Ұлттық қордан балаларға бөлінетін қаражат туралы» Заңды Мәжіліске қайтарды.
Депутаттардың айтуынша құжатта кейбір банктік процестер ескерілмеген. Енді Мәжілісмендер ұсынылған заң жобасын нақтылау үшін оны қайта қарайды. Жалпы бұл құжат келер жылдың қаңтарынан бастап күшіне енуі керек. Заңға сәйкес, Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы 18 жасқа дейінгі барлық баланың, шотына жіберіліп отырады. Кейін жеткіншек кәмелет жасқа толған соң жиналған қаржы оның меншігіне өтеді. Бұл ақшаны олар баспана сатып алуға немесе білімін жетілдіруге жұмсай алады. Сондай-ақ шетелдік оқу орнындағы оқу ақысын төлей алады.