Қазақстан Варшавада адам құқықтары мен бостандығы туралы конференцияға қатысты
Қазақстандық құқық қорғаушылар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері Варшавадағы адам құқықтары мен бостандығы тақырыбына арналған конференцияға қатысты.
Түрлі елдерден келген сарапшылар аталған тақырып бойынша ой бөлісіп, тәжірбие алмасты.
Сергей Коновалов, "Актуалды саясат институты" ҚҚ директоры:
- Қазақстанның үкіметтік емес ұйым өкілдерінің белсенділігі артқаны байқалады. Варшава конференциясында отандық сарапшылар салмақты ой айтып, өзекті мәселеге қатысты пікір білдірді. Мұндай әлемдік деңгейдегі тақырыптар көтерілетін конференцияларға қатысу маңызды. Себебі бұл сараптамалық талдаулар жасалатын және үздік сарапшыларды бір алаңға жинайтын жер.