Ә. Смайылов Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды
Премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды.
Үкімет басшысы бірқатар стратегиялық нысандарды аралап, жаңадан ашылатын индустриалды аймақтың жұмысымен танысты. Одан кейін облыс орталығында құрылысы кешеуілдеп жатқан 570 орындық көпбейінді аурухананың жай-күйін көрді.
Жалпы Түркістан облысында аумағы 544 гектарға тең 9 индустриалды аймақ орналасқан. Одан өзге «Түркістан» халықаралық әуежайы тасжолы бойында 11 дайын өндіріс алаңы бар жаңа индустриалды аймақтың құрылысы жүріп жатыр. Үкімет басшысы мұнда жиһаз жасап, шұлық тігіп және заманауи мектеп парталарын шығаратын кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Жаңа нысан алдағы қараша айында тапсырылады деп жоспарланған.
Омар Бақтыгереев, кәсіпорынның бас директоры:
- Мұның пластмасы да, темірі де, бетіндегі тақтайы да барлығы өзімізде өндіріледі. Барлық технологияны роботтық жүйге анйалдырдық. 800 мың долларға құрылғылар алынды. Меморандумға қол қойылды. Еліміз бойынша мектептерге жеткіземіз. Роботтық жүйге көшкенде айына 15 мың дана парта мен орындық шығаруға мүмкіндігіміз бар.
Түркістан облысында жиһаз өндірушілерге барлық қолайлы жағдай жасап, жиһаз кластерін дамыту қолға алынған. Үкімет басшысы облыс әкіміне индустриалды аймаққа инвесторларды тартып, жиһаз кластерін дамытуға күш салуды тапсырды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
- Осындай өндіріс нысандары өте маңызды. Неге десеңіздер бұл жерде тиісті нифрақұрлым бар. Басқа да мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі. Оның үстіне біз жиһаз өндірісін былтырдан бастап мемлекеттік сатып алуда басымдық беріп отырмыз оған. Басқа да мемлекеттен тиісті қолдау ашаралары берілетін болады. Сондықтан осныдай өнідірістерді ары қарай дамыту өте маңызды.
Одан кейін Әлихан Смайылов Түркістан қаласында салынып жатқан 570 орындық көпсалалы аурухана да болды. Іргетасы 2019 жылы қаланған нысан араға үш жыл салып тапсырылуы тиіс еді. Бірақ белгісіз себептерге байланысты құрылыс жұмыстары екі жылдай тоқтап қалған.
Бейсен Тәжібаев, облыс әкімінің орынбасары:
- Бұған бізді денсаулық сақтау министрілігі тарапынан арнайы келісім-шартқа қол қойылуы керек. Қазіргі таңда осы жұмыс жүргізіліп жатыр. Қол қою үшін минисрлікте тұр. Бірқатар ішіндегі мәселелерге қатысты мамандармен талқылаулар жасалды. Қазір енді инвесторлардың есебінен өз қаражаттарын салып жүргізіліп келе жатыр. Келшесі кезекте министрлікпен қол қойылғаннан кейін ары қарай қаржыландыру жобалары іске асатын болады.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
- Түркістан облысында 2 млн-нан астам халық тұрады. Бірақ осындай ауруханалардың тапшылығын сезіп отырмыз. Сондықтан осындай 570 орындық көпбейінді аурухананың маңыздылығы өте зор. Сондықтан бұл жобаны ұзаққа созбай тездетіп іске қосу керек.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынып жатқан аурухана тапсырылған кезде облыс тұрғындарына халықаралық талаптарға сай сапалы, мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл шетелге шығып, ем іздейтіндердің санын едәуір азайтуға септігін тигізеді деп болжанып отыр.
Авторлары: Жандос Жұмабек, Қуаныш Әбуов