Қытай сапары немесе «Бір белдеу, бір жолдың» жаңа тынысы
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас сарапшысы Әділ Кәукенов Қазақстан Президентінің Қытайға ресми сапарына қатысты сараптама жасады.
2023 жылдың 17 қазанында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжің қаласына ресми сапармен барды. Сапар бағдарламасында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және Қытай басшылығының басқа да лауазымды тұлғаларымен келіссөздер жүргізді. Бұдан басқа Қ.К. Тоқаев «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығының III форумына қатысты.
2013 жылы Астанада жарияланған «Белдеу және жол» бастамасына биыл 10 жыл. Алғашқы күннен бастап қазіргі заманның Жібек жолын дамытуға белсенді қатысып келе жатқан Қазақстан үшін де бұл ерекше күн. Сонымен қатар бұл бірлескен күш-жігер Еуропа мен Азияның өзара байланысы үшін маңызды нәтиже беретінін атап өткен жөн. Көлік инфрақұрылымындағы жұмыс нәтижесінде қазіргі таңда Қытай мен ЕО арасындағы Қазақстан арқылы контейнерлік тасымалдар 104 есеге жуық өсті – дейді сарапшы.
«Белдеу және жол» жұмыс істеген он жыл ішінде Қазақстан мен Қытай арасындағы темір жол арқылы 6,5 млн-нан астам контейнер тасымалданды. Бұл ретте Қазақстан арқылы Қытай – Еуропа – Қытай бағытында контейнерлік тасымалдау көлемі 100 еседен астам, яғни 2013 жылғы 7,6 мың контейнерден 2022 жылы 790 мың контейнерге дейін өсті.
Жобаның басталу тарихына оралсақ, Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» жаһандық бастамасының бір бөлігіне айналған «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бүкіл әлемде үлкен ынтамен қабылданғанын атап өткен жөн. Қытай инфрақұрылымды дамыту арқылы әлем аймақтарын дамытудың жаңа моделін ұсынады. Қытай нұсқасы экономикалық өсудің көптеген жылдарында жинақталған «Белдеу және жол» жобаларына Бейжіңнің инвестиция салуымен қызық – дейді ол.
Оның сөзіне қарағанда, өз кезегінде Қазақстан жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес өзінің көлік инфрақұрылымын дамытуға мүдделі. Бұл қазақстандықтарға жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қазақстанның орасан зор аумағын заманауи бағыттармен қамти отырып, қазақстандық өнімнің әлемдік нарыққа шығуы үшін қолайлы жолдар жасайды.
Қазақстан мен Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бастамасын іске асыру туралы нақты айта отырып, географиялық факторларға байланысты ҚХР-мен шекаралық сауда бірнеше нақты аумақтарда ғана мүмкін болатынын түсіну қажет. Олардың ішінде ауқымды әрі танымалы – «Достық» шекаралық өткелі. Бұл шекара өткелі арқылы автомобиль және теміржол магистральдары өтіп, өте тар жерде көлік кластерін құрайды. Қытай мен Қазақстан арасында келешегі бар жобалардың бірі – осы көлік кластерін кеңейту, сондай-ақ осы учаске арқылы өтетін тауарларды интернационалдандыру. Көлік ағынын интернационалдандыру және кеңейту аясындағы алғашқы қадамдардың бірі – Батыс Еуропа – Батыс Қытай автокөлік дәлізін салу және Қорғасқа дейінгі теміржолды өткізу болып саналады – дейді Әділ Кәукенов.
Бүгінде «Бақты – Чагучак» шекара өткеліне дейін жаңа теміржол жолын іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл тар жерлерді кеңейтудің және трансконтиненталдық сауданы дамытудың жаңа нүктелерін құрудаың тағы бір маңызды факторы болады.
Әдетте инфрақұрылымдық жобалар стратегиялық бола отырып, Азиялық даму банкінен тартылған несиелер сияқты қарыздық қаржыландыру есебінен құрылады. Қазақстанда инвестициялар үшін перспективалы бағыттардың бірі – инфрақұрылымдық жобалардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік. Демек, бүгінгі таңда Қазақстан бүкіл Еуразия континентіндегі Орталық Азия арқылы өтетін Жаңа Жібек жолының негізгі бағыттарының бірі бола отырып, «Белдеу және жол» бастамасы арқылы капитал тарту бойынша өзінің барлық мүмкіндіктерін пайдаланады – дейді ол.