Орталық Азия елдері мен Үндістанның қауіпсіздік кеңесі екінші мәрте елордада бас қосты
Кездесуге терроризм, қару мен есірткінің заңсыз айналымы және трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл арқау болды.
Сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік мәселесі көтерілді. Жиынға қатысушыларды Ауғанстандағы жағдайдың аймаққа әсері де алаңдатады. Осы орайда «Орталық Азия – Үндістан» диалогы шеңберінде серіктестік құру ұсынылды. Жиында Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов пен Үндістанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Аджит Довал екіжақты кеңес өткізді. Мұнда терроризмге қарсы күрес, киберқауіпсіздік, аэроғарыш индустриясын дамыту бағыттары қарастырылды.