БАӘ Астана әуежайын дамытуға атсалысады

Біріккен Араб Әмірлігінің компаниясы Астана әуежайын дамытуға атсалысады.

Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында шетелдік инвестормен ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Оған сәйкес, бірінші кезекте ұшу-қону жолағын жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар болашақ инвестицияларға негіз болатын әуежайды дамытудың ұзақ мерзімді бизнес-жоспары әзірленеді.