Бейжіңде Тоқаевтың қатысуымен «Бір белдеу, бір жол» ынтымақтастығының форумы басталды
Бүгін Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» ынтымақтастығының үшінші форумы басталды.
Биыл бұл жобаға 10 жыл. Мерейтойлық жиынға қазақ басшысы да барған еді. Бейжіңдегі үшінші форумға қанша елдің өкілі жиналған?
Қорған Қонысбайұлы @Korgantore
- 2013 жылы елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Төрағасы Си Цзиньпин «Бір белдеу, бір жол» бастамасын ұсынған. Биыл осы жобаға 10 жыл. Мерейтойлық үшінші форумға Қытай тыңғылықты дайындалған. Бейжіңге 130 елдің ресми өкілі келді. Қазақ президенті де осында. Үшінші форум бір сағат бұрын басталды. Жиында сөз алған Си Цзиньпин заманауи әлемде үлкен өзгеріс болып жатқанын айтты. «Біз тек өз елімізді емес, сондай ақ бір белдеу бір жолға кіретін мемлекеттерді де жаңыруға мүдделіміз» деді. Ал жаңғыру өзара тиімді әріптестіккке негізделеді дегенді қосып айтты. Төраға Си Қытай Еуропа жолын Транскаспий дәлізі арқылы дамытуға ниетті екенін де жеткізді. Бұдан бөлек, көршіміз Еуразияда жаңа логистикалық дәліздер ашпақ. Қазір Ресей Президенті сөйлеп жатыр. Владимир Путин бір белдеу бір жолға мүше мемлекеттермен транспорттық әлеуетті арттыруға бейілдіміз дегенді жеткізді.
Әуелде Бір жол бір белдеуге 15 шақты ел кірген. Бүгінде Қытай тарапы жиһандағы 150 ден аса елмен және 32 халықаралық ұйыммен тиісті құжатқа қол қойды. Бұл әлем елдерінің үштен екі бөлігі немесе жаһан халқының 63 пайызы. Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес, 2030 жылға қарай «Бір белдеу, бір жол» әлем бойынша 40 миллион адамға кедейліктен шығуға көмектеседі. Қытай билігі 10 жылда осы жобаға 936 млрд доллар жұмсаған. Сарапшылар Қазақстан үшін бұл жоба арқылы Қазақстан өзінің транзиттік потенциалын арттыруға мүмкіндік алды дейді. Мәселен, белдеу-жол құрылмай тұрып, 2013 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 17 млрд доллар болса, бүгінде ол 31 млрд долларға жеткен. Енді мұны 2030 жылға дейін 40 млрд долларға дейін ұлғайту көзделіп отыр.