Президенттің Қытайға сапары туралы сарапшы пікірі

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары  екі жақты ынтымақтастықты жан-жақты нығайтудағы маңызды оқиға.

Сарапшылар бұл кездесу стратегиялық әріптестік байланысты одан әрі арттыра түсетінін айтады. Саясаттанушы Әділ Сейфуллиннің пікірінше, екі ел көшбасшыларының жоғары деңгейдегі келіссөздері Қытай Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші ел ретінде қабылдайтынын тағы да айқындап отыр.

Әділ Сейфуллин, саясаттанушы:

- Қытайлық БАҚ-ты талдай келіп, Президент басқа мемлекет басшыларына қарағанда, өзінің ұстамдылығымен және ең бастысы, елдің ішкі саяси өміріне қатысты білімімен ерекшеленетінін атап өтуге болады. Қасым-Жомарт Тоқаев осы сапары аясында Қазақстан мен Қытайтың бизнес байланысын одан әрі нығайтты.