Кореяның Қазақстандағы бұрынғы елшісі медальмен наградталды

Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Ку Хон Сок «Шапағат» медалімен марапатталды.

Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған. Дипломат бұл марапат екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мен дамытуға қосқан үлесі үшін табысталды. Ол елімізде 2020 жылдың шілде айынан осы жылдың мамыр айына дейін жұмыс істеген. Оның қызметі пандемиямен тұспа-тұс келді. Ку мырза Қазақстанға COVID-19 індетімен күресу үшін гуманитарлық көмек жеткізу ісінің басы-қасында жүрді. Қазір Ку Хон Сок Сеул қалалық әкімшілігінің халықаралық байланыстар бөлімін басқарады. Осылайша ол Оңтүстік Корея астанасы мен Қазақстан қалалары арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға атсалысып жүр.

Ку Хон Сок, Кореяның Қазақстандағы бұрынғы елшісі:

- Қазақстан Президентінен медаль алғаныма өте қуаныштымын. Қазақ халқының игілігі үшін қылған аздаған еңбегімді бағалағанына алғысымды білдіремін. Қазақстанда қазір үлкен өзгерістер болып жатыр. Саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар жүргізілуде.